Азамат реферат



АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ӨҚН кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, су тасқыны

Орындаған: Болатов А.А.

Тобы: ТЭк-12-01

Қабылдаған: Торғаев

Алматы 2014

Кіріспе

  Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар деп отырғанымыз дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар, ал техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар — өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар табылады

Қазақстан-2030» даму Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ұлттық қауіпсіздік болып табылатыны белгілі, ал төтенше жағдайлар өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге жатады.

Сол себептен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу, ауыртпалықтарын азайту және тиімді әрі жедел жою шаралары басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып анықталып отыр.

Осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2007-2015 жылдарға арналған төтенше жағдайларды алдын алуды және жоюды ұйымдастыру мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №1306 қаулысын жүзеге асыру және облыс әкімінің 2003 жылғы 11 қырқүйектегі №608 қаулысына сәйкес құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия жұмысын үйлестіру щеңберінде атқарылуда.

Негізгі бөлім

Облыс көлеміндегі болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуда кешенді іс-шаралар ұйымдастырып, облыстық мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру және төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел түрде оның салдарын жоюдың бірінші кезектегі жолын қарастыру мақсатында 2010 жылдың қантар-шілде айлары аралығында  төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 5 отырысы өткізіліп, онда:

— жылдың қыс-көктем айларындағы Сырдария өзеніндегі мол суды қауіпсіз өткізуді ұйымдастыру;

— адам өміріне өте қауіпті қырым-конго қанды безгегіне қарсы іс-шаралар ұйымдастыру;

— табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан бұзылған объектілерді (жолдар, көпірлер, мекеме шатырлары, бөгеттер мен гидроқондырғыларды) қалпына келтіру;

— үйірсіз саяқ шегірткелермен күресу шараларын жүзеге асыру;

— шалғай орналасқан елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін орналастыру және әлеуметтік нысандарды нақты өрт қауіпсіздік жағдайына келтіру туралы;

— жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

Төтенше жағдайдың алдын алу және жою бағдарламасы бойынша үстіміздегі  бойынша  облыс бюджетінен жалпы 507,42 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде алдын алу жұмыстары бойынша 268,05 млн. теңге және төтенше жағдай зардаптарын жоюға 239,37 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында ауылшаруашылығы малдары мен мал қораларын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бөлінген 25,0 млн. тенге қаржыға Жаңақорған, Шиелі, Сырдария және Қызылорда қаласының елді мекендерінде 974922 шаршы метр мал қора алаңы мен 262455 мал басына залалсыздандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінгі күнге, облыстық бюджеттен қосымша бөлінген 3,3 млн. тенгеге Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп атқарылуға тиісті жұмыстардың 85 пайызы орындалды.

Сондай-ақ, саяқ шегірткелерге қарсы заласындандыруға бөлінген 5,312 млн. тенгеге химиялық өңдеу жұмыстарымен қамтылуы тиісті 10,0 мың гектар жердің бүгнгі күні  4,0 мың гектарына өндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 10,811 млн. теңге қаржыға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимаратының және облыстық «Сыр бойы» газеті редакциясы ғимаратының төбе жабынына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілер анықталып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу және газ есептегіштерін орнатуға 23,648 млн. тенге бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу заңының баға ұсыныстары тәсілімен анықталған әлеуетті өнім берушінің жұмыс жасаудан бас тартуына байланысты осы лот бойынша қайтадан конкурстық процедураларын жасау жоспарлануда.

Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің арнайы мекемелерінің ғимаратының құрылысына бөлінген 200,0 млн. теңге көлеміндегі қаржы бүгінгі күнге жобалау сметалық құжаттамалардың дайын болмауына байланысты игерілмей отыр. (Жобалау сметалық құжаттамасын дайындауға облыстық құрылыс басқармасы жауапты).

Төтенше жағдай зардаптарын жою мақсатындағы бөлінген 239,37 млн. теңге қаржының 35,8 млн. теңгеге қыс-көктем айларындағы Сырдария өзені арнасындағы су тасқыны салдарынан бұзылған Қызылорда қаласы аумағындағы өзеннің қорғаныс бөгеті мен Жалағаш, Қармақшы ауданындағы Оң тармақ каналының 343,380 және 419  және 518-606 бекеттерінің қорғаныс бөгеттеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді және Қазалы ауданы аумағындағы Жайықбай, Иланды, Оң жаға учаскелерін қалпына келтіруге жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Сондай-ақ, Сырдария ауданындағы жергілікті маңыздағы жолдар санатындағы Тереңөзек-Шаған автокөлік жолындағы қалқымалы көпірді және Ысқақ-Қайыр учаскесіндегі қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Қазіргі кезеңде облыс әкімінің қолдауымен Бөкейхан 74 көшесіндегі жатақхана, Жібек жолы 2А көшесіндегі орналасқан тұрғын үй ғимараттарына  және «Қызылордажылуқуаторталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының турбиндік цехының құлаған төбе жабынына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде.   Осы жұмыстарға бөлінген 148,544 млн теңге қаржының  бүгінгі күнге 58,380 млн теңгесі игерілді.

Үстіміздегі жылы сең өту кезеңінде Сырдария өзеніндегі судың мол болуы салдарынан Жалағаш-Жосалы автожолының 32 шақырымдағы жол, көпір және су өткізгіш құрылымдары істен шыққан болатын.

Қазіргі таңда, орын алған төтенше жағдайды жоюға жергілікті бюджеттен 55,0 млн. теңге қаржы қаралып, қалпына келтіру жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өту үстінде.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi.  Төтенше жағдайларды жою — төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргiзiлетiн және адамдардың өмiрiн сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемiн азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрi таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстар.

 Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:

— жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;

— егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;

— төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады.

Ұйымдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:       — өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, өткiзуге;       — төтенше жағдайлардың пайда болу қаупi туралы немесе пайда болуы туралы белгiленген тәртiппен ақпарат берiп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнiнде хабардар етуге;

— қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезiнде әскерилендiрiлмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдiстерiн үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететiн жергiлiктi жүйе құрып, оны үнемi әзiрлiкте ұстауға;

— қарауындағы өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлерде, соларға iргелес аумақтарда бекiтiлген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтiру және төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге;

— заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру шараларын жүзеге асыруға мiндеттi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе бойынша қызметiнде төтенше жағдайлардың пайда болу қатерi басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерiн жасап, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзiрлiкте ұсталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ұйымдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп объектiлерiнiң қауiпсiздiгi декларациясын табыс етедi.

Өнеркәсiп объектiсiнiң қауiпсiздiгi декларациясында келтiрiлген мәлiметтер тiзбесi мен оларды ресiмдеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.       Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралардың, арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларының орындалуына дербес жауап бередi.       Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

— бiртұтас мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлейдi;

— табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады;

— орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;       — халықты, табиғи ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамаларды қарайды және бекiтедi;

— уәкiлеттi орган туралы ереженi бекiтедi;

— техникалық регламенттердi бекiтедi;

— төтенше жағдайлар жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиялар құрып, олар туралы ережелердi бекiтедi;

— төтенше жағдайлардың сыныпталуын белгiлейдi;

— жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметiн, шұғыл медициналық жәрдемдi, авариялық-құтқару қызметiн, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн ұйымдастырады;

— төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртiбiн белгiлейдi;

— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк сараптама мен мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, олардың қызметiнiң және төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыру, мемлекеттiк резервтердi, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларын жасау тәртiбiн белгiлейдi және бұл қорларды төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға бөледi;

— төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөледi;

— табиғи және техногендiк сипаттағы жаhандық төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды;

— төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердi әлеуметтiк қамсыздандырудың жүйесi мен ережелерiн, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалдың өтелу тәртiбiн белгiлейдi;       — Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырып, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртiбiн белгiлейдi;       — авариялық-құтқару қызметтерiн (соның iшiнде аэроұтқыр жасақтарды) құрады.       Уәкiлеттi орган:

— орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жұмысын үйлестiредi;

— техникалық регламенттердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi, төтенше жағдайлар саласында мемлекеттiк есеп жүргiзедi, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi төтенше жағдайлардан қорғаудың жай-күйi туралы мемлекеттiк баяндамалар дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;       — азаматтық қорғаныс күштерiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға қатысуына, өз қарамағындағы жағдайды қадағалайтын, бақылайтын және болжайтын қызметтерге, төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне басшылық етедi;

— мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына басшылық етедi, өрттердiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды үйлестiредi;       — төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк сараптамаға басшылық етедi және қажет болған жағдайда халықаралық сараптама ұйымдарын тарта отырып тәуелсiз сараптама ұйымдастырады;

— төтенше жағдайлар саласындағы ақпараттың ашық және жария болуын қамтамасыз етедi;

— төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Үкiметiне мемлекеттiк және жұмылдырылған резервтер құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларының пайдаланылуы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен алынған қаражаттың төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн пайдаланылуы туралы ұсыныс енгiзедi;       — төтенше жағдайлар саласында ғылыми зерттеу, бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету iсiн ұйымдастырады; — төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

— төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттауды өткiзедi;       — мемлекеттiк органдарға, ұйымдар мен азаматтарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi күшi бар нұсқамалар бередi;

— төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан апатты, зiлзала мен апатты тексеру iсiн ұйымдастырады, материалдарды белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйымдарды жауапқа тартуға бередi;       — халықты және ұйымдарды қажеттi қауiпсiздiк, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар етедi;      — Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерi бойынша аймақтық және барынша ауқымды төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады;

— төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;       — халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi, iзгiлiк шараларын өткiзудi ұйымдастырады;

— табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi;

— авариялық-құтқару қызметтерiнiң (оның iшiнде аэроұтқыр жасақтардың) iс-қимылын қамтамасыз етедi;

— табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, оның iшiнде авариялық-құтқару қызметтерiнiң қызметкерлерiне шұғыл медициналық көмек көрсетедi;

— табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

— «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады:

— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау және олардың қаупi туралы хабарлау;

— төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.<Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі> C. Арпабеков,Алмата, 2004.-256 бет

2. <Тіршілігі қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студентеріне арналған .>I-том.

3.<Табиғат қорғау> E. Мамбетқазиева, Сыбанбеков, Алматы, 1990,-412 бет






map