Уланкызы Г,Хамзиева А



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

_________________ Факультеті

_________________ Кафедрасы

Реферат

Қазақстан Республикасындағы қара металлургия өнеркәсібінің дамуы мен болашағы.( «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мысалында)

Тексерген:

Серікболат Алдыноңғарұлы Талжанов

Орындағандар: Ұланқызы Гүлден

Хамзиева Айдана

Қарағанды2014

Жоспар

Кіріспе бөлім

I. Халық шаруашылығындағы қара металлургияның орны

1.1 Қара металлургия өнеркәсібі.

Қазақстан Республикасында қара металлургия өнеркәсібінің қалыптасуы.

Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың негізгі бағыттары.

II. Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы.

Қазақстандағы қара металлургия өнеркәсібінің дамуы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мысалында.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қара металлургия өнеркәсібі

Қара металлургия — Металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы.

Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты мен Лисаковск комбинатында өндіріледі (жылына 36 миллион тонна).

Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:

елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;

машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.

Ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.

балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.

Ғаламдық нарық ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді: дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге; өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына; металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады. 2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі болжанды. Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді. Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті. Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды. Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (Ресейде әзірше тек үштен жуығы). Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд. тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы — 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн. т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн. т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн. т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия — 5,6 пайыздан 28,3 млн. т. көтерілді. Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті. Қазіргі кездегі жағдай Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады.

Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.. Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді. Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түр жиыны бойынша бір типті — табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет. Біршама көлемде және шектелген түржиынында сұрыптап прокаттауды Павлодар қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған «Кастинг» фирмасы жүргізеді. Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген: 125х125 және 150х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау; диаметрі 40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар; диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200,5300 м ұсақтайтын стержендер; А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20 мм арматуралық болат. Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті. Болат құбырларын өндіру көлемі республикада сондай-ақ айырықша емес. 1988 жылы Теміртау қ. «Кармет» АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86 мм диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО зауытында («Қарағандыкөмір» АҚ) өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы дайындалған, шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы Алматы қ. «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114 мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайы жоқ. Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т. көтерілді және 459 мың т. жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мың т. деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді. Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін. Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін.

«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ болатты қақтауды – тік жікті

құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер,

жабынды бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер,

сондай-ақ жоғары деңгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды.

Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.

Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.

Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала.

Қара металлургияда басты құрамдас рольді металлургиялық қайта өңдеу ойнайды; шойын-болат-прокат. Өзге өндірістер жанама, қосымша болып табылады: руда өндірісі мен байыту (темір, марганец, хром), көмірді кокстеу (түгелімен металлургиялық комбинаттарда өндіріледі), көмекші материалдар өндіру (флюсті әктас, магнезит), ферроқорытпа өндіру, қара металдарды қайта өңдеу, өндірістік бағыттағы металл бұйымдарын шығару (метиз).

Бұрынғы одақтас республикалардың шаруашылық бөлініс нәтижесінде сала түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бүкіл металдың жартысына жуығын өндіретін, әрі табиғат ресурстарының үйлесімдік тұрғысынан (Донецк көмірі мен Кривой рог темір рудасы), әрі халық пен өндірістің орналасуына байланысты орталықтану тұрғысынан тиімді орналасқан оңтүстік металлургиялық база Украинада қалды. Қазақтанда Қарағанды металлургиялық комбинаты, Қарағанды көмірі және Қостанай темір рудаларынан тұратын қуатты Қазақстандық металлургиялық база қалды. Закавказье кәсіпорындары, соның ішінде толық циклды (Грузия — Рустави), жалпы өндірістен шығып қалды. Бұл өндірістік, технологиялық байланыстардың жаппай жойылып, өнім өндірісі құлдырауына себепші болды.

Қазіргі уақытта саладағы шаруашылық байланыстар қалпына келіп, қара металдар өндірісі мен тұтыну көлемі тұрақтанды. Бірақ Ресейдегі металл мен прокаттың шамамен 50 %-ы ескірген құралдарда өндіріледі.

2.Қазақстан Республикасында қара металлургия өнеркәсібінің қалыптасуы.

Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.

Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінің байқап жүрді. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасап жүрді. 12 ақпан 1949 жылы- тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарканд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.

Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған.

Қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

Темір кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орынды алады. Оның әлемдегі қордағы үлесі 6% құрайды. Маңызды қордан басқа Қазақстан темір кенінің артықшылығы оның жоғары сапасы. 8,7 млрд. тонна темір рудасының 73,3% қоры жеңіл өндірілетінге жатады. Қазылатын темір рудасының 70% экспортталады. Қара металл рудасының хром мен маргенец рудаларын қосқанда 1999 жылы елдің жалпы экспортында 4% құрады. Қазақстанның қара металлургия өндірісі Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 12,5 % өндіреді. Республиканың индустрия флагманы болып

«Испат-Кармет» Қарағанды металлургия комбинаты табылады. Кәсіпорынның толық металлургиялық циклы бар және қара металл қақтамасының бірнеше түрлері-қаңылтыр, сортты ақ қалайы мен құбырларды жасауға мамандандырылған. Бұл комбинаттың металы ТМД елдеріне және алыс шет елдеріне экспортталады. Қазақстанда хромиттік кеннің үлкен қоры бар ,оның негізінде республиканың ферроқорытпа зауыттары жұмыс жасайды.

1.3Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың негізгі бағыттары.

Қара металлургия — бұл Қазақстан өнеркәсiбiнiң жетекшi саласы. Мұнда қара металл кендерiнiң, кокстелетiн көмiр мен кендi емес шикiзаттың шоғырланып орналасуы Қазақстанда қуатты қара металлургия өндiрiсiн құруға колайлы жағдай жасады. Елiмiзде дүниежүзiлiк хром рудасының 30 % коры, марганец кенiнiң 26%-ы және темiр кенiнiң 10%-ы шоғырланған. Қара металлургияның дамуындағы басты аймақ — Орталық Қазақстан. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қарағанды облысы Темiртау каласының шығыс бөлiгiнде, Самарканд су коймасының сол жақ жағалауында орналасқан. Аумағы 5 га жердi құрайды. Кәсiпорынның географиялық орнының колайлы және қолайсыз жақтары бар. Қолайлы жақтары: отын және шикiзат көздерiне жақын орналасуы, транзиттiк жағдайымен нарыққа шығуының еркiндiгi және өзiнiң негiзгi сауда бәсекелестерiне Ресей мен Қытайға жақын орналасуы және т.б. Қолайсыз жақтары: iшкi рыноктарға сұраныстың аз көлемде болуы, теңiзге шығуға мүмкiндiгiнiң болмауы, қатаң климат жағдайы және т.б. Ал дүние жүзiлiк қара металлургия өнеркәсiбi орналасуындағы қазiргi кездегi негiзгi фактор, ол дүние жүзiлiк рыноктан келетiн арзан шикiзат пен отын қорларын алуға ыңғайлы теңiз жағалаулық аудандар мен портты қалаларда шоғырлануы. Мысалы: Жапонияның барлық зауыттары теңiз жағалауында орналасқан. Осындай жағдай Батыс Еуропа елдерiне де тән. Қарағанды металлургиялық комбинаты Қазақстан қара металлургия саласындағы ең iрi металлургиялық толық циклдi өндiрiс орталығы болып табылады. 20-ғасырдың 40-шы жылдарынан жұмыс iстейтiн кәсiпорын , 90-шы жылдардың басында бұрынғы КСРО-да Магнитогорск және Липецк металлургиялық комбинаттарынан кейiнгi 3-орынды иеленедi. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiнгi елдер арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуiне байланысты, 1991-1992 ж. басталған Қазақстан өнеркәсiп өндiрiстерiнiң құлдырауы, қара металлургия өндiрiсiне, оның iшiнде металлургиялық комбинаттың дамуына да керi әсерiн тигiздi. Осыдан 1991-1995 ж. өндiрiс көлемi үнемi құлдырауда болды. 1995 жылы комбинатта 1990 жылмен салыстырғанда шойын өндiру 48,4%-ға, болат өндiру 43,9%-ға, жалатылған табақша мен қапталған каңылтыр 71%-ға дейiн төмендедi. Осы кездегi комбинаттың кредиторлық қарызы 11740 млн. тг. құрады.

Металлургиялық комбинаттағы экономикалық дағдарыс 1995 ж. үндiлiк «LNМ Group» компаниясымен тұрақталынып, алға басудың алғашқы нышандары көрiнiп, өндiрiс көлемi бiртiндеп есе бастады. 1999 ж. өндiрiс көлемi қайта жанданып, даяр өнiм өндiру 33,8%-ға өстi. Оның iшiнде шойын өндiру 32,5%-ға, болат 31,6%, табақша каңылтыр 23,3%, ақ каңылтыр 4,4%, қара металды құбыр шығару 2,6 есе, алюминий және мырышпен қапталған прокат өндiру 4,9 есеге дейiн көбейдi. «Миттал Стил» ААҚ дамуындағы басты жағдай, ол жергiлiктi отын қоры мен темiр кенiнiң мол коры, металлургияға қажеттi қосымша кендi емес, өндiрiс орнына жақын орналасуы және осы салалардың бiрiктiрiлiп бiр компанияның қол астына көшуi. Бiрiккен инфрақұрылым құрамында көмiр кенiштерi, темiр кен орындары, электроэнергия өндiрiсi және транспорттық құрал — жабдықтары өндiрiстерi де бар. Дамуының басты бағыттары неғұрлым тиiмдi өнiм түрлерiн көбiрек шығару және өнiмнiң сапалылығын арттыру. Бұл үшiн:

1. шикiзат базасының есiмiн арттыру, тоттыққан көмiр кварцитiн байыту технологиясын меңгеру.

2. темiр рудаларынан тiкелей болат алатын жетiлдiрiлген технологияны қолдану.

3. кұрамында металл бар өндiрiс қалдықтары мен металл ломдарын толықтай пайдалану.

4. болат балқыту үрдiсiнде электроболат қорыту мен оттегi конвенторлы әдiстерiн толықтай енгiзу.

5. соңғы өнiмдер сапалылығын арттыру (сұйық, ыстық, катанды табақшалар қапталған каңылтырлар және т.б. дайын өнiмдер шығару)

Осы бағыттарды жүзеге асыруда Қарағанды металлургия комбинаты мынадай жетiстiктерге жеттi. Қазақстан қазiргi кезде болат өндiрiсi көлемi жөнiнен дүние жүзiнде 28-орынды иемденедi, 2002 ж. оның көлемi 5 млн. т. құрады. 2003 ж. қорытындысы бойынша «Миттал Стил» сұйық болат шығаруды алдағы жылмен салыстырғанда 2,1%-ға арттырып, 2002 ж. 3,9 млн. тоннадан 4,8 млн. т. дейiн кетердi. 2004 жылы оны 5,4 млн. т. жеткiзу көзделiп отыр. 1995 жылмен салыстырғанда дайын прокат өндiрiсi 80%-ға, шойын өндiру 38%-ға, кокс өндiру 45%-ға, агломерат өндiру 48%-ға артқан. Жалпы Қазақстан бойынша қара металлургия өнеркәсiбi жылдан жылға қарқынды даму үстiнде. Бұл қара металлургия өнiмдерiне деген сұраныстың жоғарылығына байланысты. Осыған сәйкес 2003 ж. Қазақстан ЖІӨ-нiң 9%-ын құраса, қара металлургия өнiмi көлемi 10,5%-ға өскен. Осы жылдар аралығындағы нәтиже елдiң индустриалды дамуында экономикалық өнiм деңгейiн арттырды. Алайда, қазiргi кезде комбинатта арнайы сұранысқа қажеттi материалдар, арнаулы метал өнiмдерi аз көлемде шығарылады. Экспортқа шығарылатын метал бұйымдары металлургиялық өнеркәсiп деңгейiне сай емес. Осы жылдар iшiнде комбинат негiзiнен шикiзат базасын кеңейту барысында жұмыс жасады. Комбинатты шикiзатпен қамтамасыз етуге Сәтбаев — Сарыбай, Аят, Лисаковск, Қашар, Қоржынкөл және Қарқаралы, Кентөбе кенiшi Атасу ААҚ, компания құрамына кiрдi. Осыдан темiр кенiн өндiру көлемi ұлғая бастады. Шығарылған өнiмдердiң 180-нен астам маркасы сапасы жөнiнен дамыған елдердiң ұлттық стандарттарына сәйкестендiрiлдi. Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсеткендей, қара металлургия тиiмдiлiгi мен өнiмдiлiгiн арттыру жолдары — оның территориялық және сапалық құрылымын жетiлдiру мен мамандану деңгейiн жоғарылату, өнiм түрлерiн көлемiн арттыру болып табылады. Бұдан шығарылатын қорытынды, өндiрiстi автоматтандыруды электронды есептеу техникасы мен экономикалық математикалық тәсiлдердi қолдануға негiзделген автоматты басқару жүйесiмен байланыстырылып жүргiзу. Сондықтан бұл мәселенi шешуде қазiр комбинаттың әр цехының өндiрiстiк процесiнде автоматтандырылған агрегаттар жұмыс iстейдi. Болат балқытту өндiрiсiнде болат балқыту процесiн басқару автоматтандырылған түрде жүргiзiледi. 2004 жылы комбинат болатты үздiксiз құю кондырғысын орнату және оны iске қосу, сонымен бiрге компания жоспарында Ақтау қаласында мұнай — газ өнеркәсiбi үшiн құбыр өндiрiсi зауыты құрылып жобалануда. Экономикалық географиялық зерттеулерде «локальды деңгей», «локалитет» деген ұғымдар бар. Экономикалық — географиялық зерттеулердегi локальды деңгей бұл биологиялық зерттеулердегi клеткалық зерттеу деңгейiне теңестiрiледi. Оның қалыптасуының басты себептерi өндiрiстiң географиялық орыны, табиғи жағдайлары мен табиғи қорлар, атқарылған кызмет салаларының орналасуы және халықтық орналасуы мен әлеуметтiк — географиялық жағдай мәселелерi қоса қарастырылады. Осы iлiм тұрғысынан алғанда комбинаттың әлеуметтiк жағдайлары да қоса қарастырылады. «Испат — Қармет» АҚ өндiрiстi қайта жабдықтау және жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу мақсатында инвестициялар салу үстiнде. 1995-2000 ж. аралығында металлургиялық комбинатқа салынған инвестиция көлемi 700 млн. доллар көлемiн құраған. Жалпы инвестициялар салуды З категорияға бөлуге болады. Бiрiншiсi, өндiрiске күрделi жөндеулер жүргiзiп, және өндiрiстi қайта жабдықтау үшiн, екiншiсi жаңа әлемдiк стандартқа сай техникалар мен жабдықтарды сатып алуға, үшiншiсi, әлеуметтiк және мәдени сала мен қоршаған ортаны сауықтыру үшiн бөлiнедi. Осы тұрғыда «Испат — Қармет» дүние жүзiндегi ең алдыңғы қатардағы банктермен инвестициялық келiсiм — шарттарға отырған. Әлемдегi ең iрi банктердiң бiрi Еуропа реконструкция және даму банкi «Миттал Стилге» 135 млн, доллар көлемiнде несие берсе, халықаралық қаржы корпорациясы 315 млн. доллар көлемiнде несие бердi.

Қоршаған ортаның ластануы өнеркәсiп орындарының өнiм өндiруiмен тiкелей байланысты екендiгi белгiлi. Оның мысалы, Қазақстанның басқа кәсiпорындары сияқты «Миттал Стил» АҚ-на кiретiн кәсiпорындардан да келтiруге болады.

1.1Қазақстандағы қара металлургия өнеркәсібінің дамуы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы мысалында.

«Миттал Стил» АҚ-ы қазiргi кездегi Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр қара металлургия саласындагы iрi толық циклдi кәсiпорын. Жалпы жер көлемi- 5 мың га құрайтын кәсiпорын құрамына барлық металлургиялық өңдеулер, яғни агломерация, домна, болат балқыту (мартеноттек конверторлi, электр балқыту цехтары), прокат, коксохимиялық өндiрiсi, қуатты және өңдеу цехтары мен көмекшi қызметтер комбинатының бiрқалыпты тоқтаусыз жұмыс iстеуiне жағдай жасайды. Комбинаттың мұндай құрылымы және өндiрiс көлемiнiң үлкен болуы қоршаған ортаға бiрқатар зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына жағдай туғызады. Өндiрiстiк процестер кезiнде шығатын химиялық улы заттардың қосындылары қатты және газ күйiндегi зиянды заттар, жуынды-шайынды сулар, күл-қоқыс қалдықтары кәсiпорны және де жалпы аймақ үшiн экологиялық қауiп төндiредi.

Қала ауасының ластану дәрежесi өте жоғары. Орта жылдың бензопирен концентраты 4-6 ПДК, фенол концентраты 1 ПДК-дан астам болады. Кейбiр күндерi фенол, азот диоксидi концентраттары 6-8 ПДК-ға дейiн, ал күкiртсутек, аммиак, көмiртегi концентраттары 2-5 ПДК-ға дейiн жетедi. Ластанудың жоғарғы дәрежесi металлургиялық комбинаттың қалдықтарынан құралады. Комбинат жалпы зиянды қалдықтар шығару көлемi бойынша ТМД елдерi арасында 5-шi орында, ал қара металлургия кәсiпорындары арасында шаң мен күкiрт диоксидiн шығару бойынша екiншi орында. Комбинат үлесiне қаланың ауа бассейнiне шығатын барлық пайыздың 70 пайызы тиедi. Сонымен қоса, ол Самарканд су қоймасы мен Нұра өзенi суын ең негiзгi пайдаланушы және ластанушы болып табылады.

Мамандардың есебi бойынша бiр ғана шаңның жиынтық үлесiн шығару 1 тонна болатқа шаққанда 72 кг шамасында екен. 1995 жылы атмосфераға 50, 30 мың тонна шаң және 450, 50 мың тонна газ тәрiздi зиянды қалдықтар тасталған.

Металлургиялық комбинат ауаға 1 тәулiк iшiнде 78 мың тонна шаң, 9 тонна көмiрқышқыл газын және 1,6 тонна күкiрттi, газды бөлiп шығарады екен. Кәсiпорыннан шығатын қалдықтар құрамында күкiртсутек (1,2 мың тонна), күкiрт диоксидi, көмiртегi оксидi, азот оксидi, фенол, улы элементгерден хром, никель, кобальт, марганец, мырыш, қалайы, берилий және т.б. зиянды заттар.

«Миттал Стил» АҚ-ы құрамындағы ЖЭС-2 ауаны ластайды. Ол ауа көп мөлшерде шаң-тозаңдар, түтiндер мен күйелер қосады. Электростанция орталығы тәулiгiне 2000 тоннаға жуық көмiр жағып, ауаға шамамен 300 тонна күл және 120 тонна күкiрт оксидiн шығарады.

«Миттал Стил» АҚ-ы шахталарында көмiр қабаттарын алу кезiнде қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн келеңсiз факторлар кобеюде. Олар — аумақтың бос болмауы, су балансының бузылуы, шахта суының сыртқа шығарылуы, жер бетiнде шұңқырлардың пайда болуы, жыныстарды жойылуынан жер бетiнiң өңсiзденуi, жердi түлетудiң жеткiлiксiз жүргiзiлуi деуiмiз керек. Жыл сайын көмiрмен бiрге З млн. тоннаға жуық тау жыныстары шығарылады. Сөйтiп үйiндiлердiң пайда болуы немесе жер қыртысының төмен түсуi салдарынан жер үстi өзгерiске ұшырауда. Шахталар жыл сайын ауаға 41,3 млн. тоннаға жуық зиянды қалдық шығрады.

Бұл қалдықтар, яғни «Миттал Стил» АҚ-ы құрамындағы металлургиялық, жылу электростанциясы, көмiр кәсiпорындарынан шығатын қалдықтар тек қана ауаны ластаумен шектелiп қоймайды. Белгiлi бiр физикалық-географиялық жағдайда ауаны ластайтын заттар тiкелей атмосферада химиялық реакцияға ұшырайды. Соның нәтижесiнде өзiнiң қасиеттерi жағынан бұрынғыдан анағұрлым қауiптi жаңа заттар түзiледi. Сөйтiп, тiкелей атмосферада ететiн мұндай реакциялар «түтiндi тұмандардың» пайда болуына алып келедi. Қаланың үстiн ерекше қара түтiн басып тұрады. Ал атмосферадағы қара түтiн дегенiмiз күн нұрының 25 пайызының ультракулгiн сулесiнiң 50 пайызына жуығын жұтады екен.

Металлургиялық өндiрiстiң өнеркәсiптiк ағын сулары жер бетi суларына ғана емес, жер асты және грунтты суларға да керi серiн тигiзедi. Өндiрiс процестерi кезiнде шығатын қалдықтар көп жердi алып үйiндi болып жатады да, сол жердiң топырағы мен өсiмдiгiне керi әсерiн тигiзедi. Бұл үйiндiлердiң сумен шайылып, желмен шашылуының нәтижесiнде құрамындағы улы заттар көптеген қашықтықтарға дейiн таралып, қоршаған ортаның табиғи геохимиялық орталығын өзгертедi.

«Қазіргі уақытта компания 2015 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әзірледі. Ол бойынша қолданыстағы өндірістерді одан әрі жаңғырту және жаңа қосымша қуаттардың құрылысын салу көзделіп отыр. Комбинаттың стратегиялық даму жоспарында прокат өндірісінің көлемін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ стратегияда құрыш өндірісін жылына 10 млн. тоннаға жеткізу үшін осындай екінші зауыттың құрылысын салу жоспарда бар. Биыл комбинатты дамытуға 400 млн. доллар салынатын болады», деді жиында Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, бұл «Арселор Миттал Теміртауды» дамыту және жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырудың басы ғана. «Бір сөзбен айтқанда, бұл комбинат әлі күнге дейін еліміздің қара металлургиясының флагманы болып қалуда. Сіздердің бұл кәсіпорындарыңыз Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жеделдете индустриялық-инновациялық даму жөніндегі стратегияға өзінің лайықты үлесін қосатынына сенімдімін», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылдар ішінде комбинатты дамытуға бас-аяғы 3,3 млрд. доллар инвестиция салынған.

III. Қорытынды

Металлургия (грекше: metallurgeo- руда өндіремін, металл өндіремін, metallon- рудник, металл және ergon – жұмыс) ғылымын техниканың және өндірісінің рудадан әр түрлі металлдар тағы басқа материалдар өндіру және металл қортпаларының химиялық құрамы мен құрылымын яғни қасиеттерін өзгерту мәселесімен шұғылданатын саласы. Металлургиялық процестерге жер қойнауынан қазып алынған руданы алдын ала өндеу бұлардан металлдар мен қорытпалар өндіру және оларды бөгде қоспалардан арылту, яғни тазарту, металлдар мен қортпаларға қажетті пішіндер мен қасиеттер беру жұмыстары жатады.

Жалпы алғанда « Металлургия » термині галоидтар мен газдардан өзге элеметтерді өндіру процесстерін қамтиды. Қазіргі техникада металлургия темір негізді қорытпалар (шойын, болат, прокат) өндіру мәселесімен шұғылданатын қара металлургия және бұдан басқа металлдарды өндіруге арналған түсті металлургия деген салаларға бөлінеді.

Түсті металлдар – темірден басқа барлық металдардаң өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металлдар темір емес металдар деп аталады. Түсті металлдар: ауыр (мыс, қорғасын, қалайы, мырыш, никель), жеңіл (алюминий, магний, титан, натрий, калий, т.б.), сирек кездесетін металдар (висмут, кадмий, сурьма, мышяк, кобольт, сынап), қоспаға тиімді металдар (вольфрам, молибден, тантал, ниобий, ванадий), асыл металдар (алтын, күміс, платина және платиноидтар), шашаранды және өте сирек кездесетін металдар (цирконий, галий, индий, талий, германий, стронций, селен т.б.), радиоактивті металдар (уран, технеций уран және трансуран элеметтері, берилий, осмий, радий) деген топтарға бөлуге болады. Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жаңа металдарды жатқызады. Түсті металдармен олардың қорытпаларын өндіруде кен — тастық шікізатты өндіруден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель — кобальттық, мыс, қорғасын — мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам- молибдендік, титан — магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өндеу, арнайы шала өткізгіштік, екіншілік металлургия жатады. Сондай- ақ түсті металлургия өндірісіне алмаз, электродтар, кейбір химиялық қосылыстар (сирек кездесетін элеметтердің тотықтары, күн қышқылы, тынайтқыштар, химикаттар т.б.) өндірісі де кіреді.

Түсті металлургия саласы, қара металлургия өндірісі сияқты өнеркәсіптің ескі салаларының бірі. Ол сонау өндірістік төнкеріс дәуірінде пайда болған. ХХ ғасырда түсті металлургияның дамуын 3 кезеңге бөліп қарастырады:

1-кезең. 100 жылдықтың бірінші жартысында ауыр металдарды — мыс, мырыш, қорғасын, қалайы өндірумен сипатталған.

2-кезең. 1950 – жылдың басы мен 1970 жылдың аяғына дейінгі кезеңде жеңіл металдарды — алюминий, магний, титан және т.б. қорыту тез қарқынмен дамыды, соның нәтижесінде алюминий өндірісі барлық өндірістерді қуып жетіп бірінші орынға шықты.

3-кезең. 1970 жылдың ортасынан осы уақытқа дейін созылған бұл кезең дүние жүзі шаруашылығы энергетикалық және шикізат базасының аздығымен, қоршаған ортаны қорғауды күшейтумен сипатталады. Осы кезеңде көбінесе қоспалы металдар (вольфрам, молибден, ванадий, тантал, ниобий), сирек кездесетін металдар (висмут, кобальт), шашыранды (германий, селен, цирконий) және «ХХ ғасырдың металдарын » дамыту қолға алынды. Сонымен бірге дәстүрлі түсті металдарға, соның ішінде бағалы металдарға деген сұраныс сақталды. 3 — кезеңде шикізатты екінші рет қолдану да дамыды. Нәтижесінде 1990 – жылдың басында барлық қалайының 1/5 бөлігі, алюминий мен қорғасынның 1/4 тен 1/3 дейін 2/5 мысты, қорғасынның 1/2 бөлігі әлемде қайта қорыту әдісімен өндіріле бастады. Сондай- ақ бұл кезеңде негізінен барлық түсті металдардың өндірісі әр түрлі қарқынмен өсті. 2006 жылы алюминийден 33 млн. тонна, рафинадталған мыстан 15 млн. тонна, ал қорғасын мен мырыштан 12 млн. тонна өнім алынды 14, 247 .

Дүние жүзінде 70 – тен астам түсті метал балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың барлығы аз уақыттан бері ғана пайдалана бастады. Ғылыми – техникалық ревалюцияның (ҒТР) нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар , ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.

Қорғасын, никель және қалайы жемірлеуге (корразия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен сипатталады. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптармен материалдардан бастап күрделі электроника және ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы: аллюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының » металы болып саналады. Аллюминий жеңілдігімен жоғары электр өткізгіштігіне байланысты ол шаруашылықта кеңінен қолданылады. Магниттік қасиеттерінің болмауы, әсіресе, авиация, электроника және кеме жасауда, ал улы болмауы – тамақ өнеркәсібі үшін құнды болып саналады. Аллюминийдің жемірілімге төзімді болуы – көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы өнім болып табылады. Оны алатын шикізат құрамында алюминий тотығы (глинозем) бар боксид. Оның қорымен (әлемде 28-орында) еліміз 50 жылдан астам уақытқа қамтамасыз етілген.

Көптеген түсті металдармен сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстын қалайымен (қола) мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды. Дюралюминий беріктігі жөнінен болаттан кем түспейді, ал салмағы одан 3 еседей жеңіл. Оны ұшақ жасауда кеңіңнен қолданады. Берилий қоласы – мыстың берилиймен (1,5 – 3) қорытпасы жемірлеуге төзімді және өте берік. Одан сағаттың, басқада дәл механизмдердің, электрониканың, байланыс құралдарының, автомобильдердің бөлшектерін жасайды.

Түсті металдар өздерінің «салмақ дәрежелері» бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, родий мен цезийдің әлемдік деңгейдегі қорытпалары ондаған килограммен өлшенсе, мыс пен алюминий миллиондаған тоннамен шығарылады.

Ауыр металдарға қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл – тасымалдауға қолайлы шикізат  12, 15 .

Азия құрлығының таулы қыратты аймақтарында түсті металдардың, алмаздың ірі кен орындары бар. Австралияда түсті металлургия өндірісі қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс кен орындары аясында дамыған. Африка құрлығы бойынша кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгада, алмаз, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде орналасқан. Америка құрлығында түсті металдардың бай қоры түсті металлургияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Мұнда Чили мыс белдеуі (Анд мыс белдеуі), Чили, Перу, Мексика аумағын өтіп, Солтүстік Америка кордильерасымен жалғасып жатыр, осыған орай ірі монополистік компаниялар (Анаконда, Кеннеконт, Коппер, Нью-Верде) жұмыс істейді. Еуропа құрлығында сирек металдардың бай қоры Орал, Батыс Еуропа, Кавказ және Скандинавия өңірлерінде түсті металлургия өнеркәсібінің дамуына жол ашты.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

kk.wikipedia.org/wiki/Қара_металлургия‎, ped.kz/-о-амды-п-ндер/география/саба-тар-165.html‎, massaget.kz/userdata/uploads/u21/17_11.doc‎, www.eat.kz › Бастапқы бет › Қазақстан туралы › Экономика‎, География ҰБТ-ға дайындық оқулық –тесті 2011.






map